«XXI ғасырдағы ғылым және білім: Еуразия кеңістігінде даму динамикасы» атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2025 жылғы 20-21 қараша күндері Инновациялық Еуразия университеті «XXI ғасырдағы ғылым және білім: Еуразия кеңістігінде даму динамикасы» атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысына жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар, магистранттар, ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысуға шақырылады.
Конференция гибридтік форматта (офлайн және онлайн) түрде өтеді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысушыларды on-line тіркеу 2025 жылғы 1 қазанда ашылады.
Тіркеудің соңғы күні – 2025 жылғы 25 қазан. Қатысу үшін Инновациялық Еуразия университетінің сайтында тіркелу қажет (сілтеме: http://conference.ineu.edu.kz/ru/site/conf-reg) және ғылыми мақала түрінде баяндама тапсыру керек.
Баяндамаға қойылатын талаптар ақпараттық хатта көрсетіледі.