«Тіл – татулық тірегі» кітап көрмесі » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «Тіл – татулық тірегі» кітап көрмесі
09 сентября 2024

«Тіл – татулық тірегі» кітап көрмесі

5 қыркүйек күні облыстық кітапханада Қазақстан халқының тілдері күніне арналған кітап көрмесінің ашылуы өтті. Тілдер мерекесі– барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Бұл күн- атақты ғалым және қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануы- ның негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. Міне, осы себептен 2018 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері күні қыркүйектің бесінші жұлдызында мерекеленеді. Кітап көрмесінде 60-тан астам басылым ұсынылған. Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы еңбектері көрмеге қойылған. Мұнда Қазақстан Республикасының тіл саясатына арналған кітаптар ұсынылған. Көрмеде қазіргі қазақ тіл біліміне, қазақ тілінің өзекті мәселелеріне арналған І. Кеңесбаевтің , С.Исаевтың, Р. Сыздықованың, Ы. Мамановтың және және т. б. отандық ғалымдардың зерттеулерімен танысуға болады. Қазақстанда тұратын қазақ тілі мен басқа халықтардың тілдерін үйренушілерге арналған көптеген оқулықтар, оқу құралдарын көруге болады. "Тіл өнері" халық университеті аясында Рабиға Сыздықованың 100 жылдығына арналған "Ана тілінің әзиз анасы"атты дәрісті ИнЕУ "Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар" кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы- Ғ.Е.Имамбаева өткізді. Кітап көрмесінің ашулуына 5512 және 6679/ әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.

Чат-бот