Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алу » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алу
02 декабря 2024

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алу


 

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға жұмыстарды қабылдаудың басталғаны туралы



Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия биылғы жылғы 2 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға жұмыстарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған (http://adilet.zan.kz) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 49 бұйрығы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында орналасқан https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/756593?lang=kk.

Осы талаптарға сәйкес ресімделген құжаттар мен материалдар 2025 жылғы 1 наурызға дейін авторлардан немесе олардың сенім білдірген адамдарынан Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияға Астана қаласы, «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 935-кабинет мекенжайы бойынша жеке қабылданады.

Анықтама телефондары:
8 (7172) 74-24-59, 8 (7172) 74-16-59
Чат-бот