«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және тілдік құзыреттілігін жетілдіру»
2021 жылғы қазанның 15-нде Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен қала мен аудандық мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қатысуымен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және тілдік құзыреттілігін жетілдіру» атты форум негізіндегі алғашқы ғылыми-әдістемелік кеңесі өтті.
Бұл форумға 100-ден астам адам қатысты. Инновациялық Еуразия университеті атынан спикер ретінде «Бизнес, білім және құқық» факультетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы: Ғайша Ертайқызы Имамбаева қатысты.
Өз баяндамасында функционалдық сауаттылықтың тілдік қолданысымен тікелей байланысы бар екенін айтып, жалпы «Функционалдық грамматика» саласының шығу тарихы жайлы сөз етілді.
ИнЕУ баспасөз қызметі