ИнЕУ профессоры-ЖОО үздік оқытушысы. » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ профессоры-ЖОО үздік оқытушысы.
22 января 2022

ИнЕУ профессоры-ЖОО үздік оқытушысы.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «ЖОО үздік оқытушысы-2021» байқауының жеңімпаздарын жариялады. Қазақстандық 45 ЖОО-дан 150 адам жоғары атаққа ие болды. Олардың арасында Инновациялық Еуразия университетінің қабырғасында көптеген жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан экономика профессоры Сергей Беспалый бар.


Жеңімпаздардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады, бұл шамамен алты миллион теңгені құрайды. Ақшалай көтермелеумен қатар, ЖОО үздік оқытушыларына төсбелгі табысталады.

- ЖОО үздік оқытушысы атағы мен үшін университет қабырғасында жұмыс істеген 18 жыл ішіндегі ең беделді марапат. Жалпы, 2021 жыл мен үшін өте нәтижелі болды. Бұл экономика профессоры атағын алу және студенттермен бірге ғылыми конкурстарда, чемпионаттарда, старт-ап жобаларда жеңіске жету. Осының барлығы маған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысуға шешім қабылдауға мүмкіндік берді, әрине жеңіске деген үміт болды, ол үшін барлық қажетті материалдар жиналды, - дейді экономика профессоры, Инновациялық Еуразия университетінің оқытушысы Сергей Беспалый.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын байқау өткізеді. Оның басты мақсаты - мұғалім мамандығының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби өсуге ынталандыру. Айтпақшы, Сергей Беспалый үшін жеңіс одан әрі дамуға үлкен ынталандыру болды.

- ЖОО үздік оқытушысы атағы демалуға мүмкіндік бермейді. Бұл атақ жыл бойы мен оқытушылық қызмет, ғылыми қызмет, студенттерді даярлау саласында нәтижелі жұмыс жасауым керек деп болжайды. Жоспарлар көп. Жаңа ғылыми биіктерге жетіп, байқауларға қатысамыз, - дейді Сергей Беспалый.

Байқау нәтижелері ҚР БҒМ сайтында жарияланды

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/315673?lang=ru

 

ИнЕУ баспасөз қызметі