» » «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру бойынша конкурсты өткізу туралы
28 октября 2021

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру бойынша конкурсты өткізу туралы

Конкурстың тақырыбы: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру.
Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
Мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, «Министрліктер үйі», 11-кіреберіс, 645-кабинет.
Байланыс телефоны: 8 (7172) 74-16-70.

Конкурс туралы ақпарат:

Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі - Қағида).

Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатын, Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Толық ақпарат

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылғы 1 қарашадан 15 қарашаға дейін.

Республикалық конкурсқа қатысу үшін ЖЖОКБҰ ағымдағы жылғы қараша айында БҒМ АЖ үміткерлердің конкурстық құжаттамасын жібереді:

  1. Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес "ЖОО Үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
  2. Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
  3. Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
  4. ЖЖОКБҰ алқалық басқару органының шешімі;
  5. кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
  6. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. карточкалық базада қолданыстағы 20-таңбалық ағымды шоты туралы хабарлама.

Конкурсқа қатысушының дербес электрондық мекенжайы тіркеуден өткеннен кейін электрондық түрде құжаттарды толтыру туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest.iac.kz) орналастырылады.