ИнЕУ ректоры Анастасия Алиясова студенттерге zoom - конференция өткізді.
Бүгін ИнЕУ ректоры Анастасия Алиясова студенттерге арналған zoom-конференция өткізді. Ол оларға көктемгі семестрде оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын түсіндірді.
Ректор көктемгі семестр 24 қаңтардан, яғни дүйсенбіден басталатынын атап өтті. Павлодардағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты екі апта ішінде сабақтар онлайн форматта өтеді. Бұл барлық курстардың студенттері мен оқыту формаларына қатысты.
Кәсіпорындарда тәжірибеден өтетін жоғары курс студенттері өндіріске рұқсат беру мәселесін кәсіпорын басшылығымен келісуі керек.
Студенттер кестелер мен тапсырмаларды https://cdo.ineu.edu.kz сайтындағы жеке кабинеттен алады, барлық сұрақтар бойынша олар өздерінің кураторлары мен декандарына жүгіне алады. Немесе ректор блогына жазыңыз. Блогқа сілтеме ineu.edu.kz сайтында басты бетінің төменгі жағында
Университет басшылығы аймақтағы жағдайды және бас дәрігердің хабарламаларын бақылайды. Егер 7 ақпанға қарай эпидемиологиялық ахуал жақсарса, аралас оқыту түріне – онлайн-форматтағы дәрістерге, ал қалған сабақтардың барлығы ЖОО – да күндізгі оқуға көшуге болады. Уақыт көрсетеді.
Сондай-ақ, ректор студенттерге вакцинация мен ревакцинациядан өту қажеттілігін еске салды. Университетте мұны тегін жасауға болады. 26 қаңтарда сағат 10: 00-де Ломов, 45 көшесіндегі бас корпусының акт залында.
❤ Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Аман-сау болыңыз!
ИнЕУ баспасөз қызметі