14 декабря 2021
ИнЕУ оқытушысы - абсолютті чемпион
10-12 желтоқсан аралығында Теміртау қаласында өткен спорттық балық аулау бойынша Қазақстан чемпионатында ИнЕУ аға оқытушысы спорт шебері Логвиненко Павел Александрович өз титулын қорғап, Павлодар облысы құрама командасының құрамында жеке және командалық есепте жарыста жеңіске жетіп, абсолютті чемпион атанды. Бұл жеңіс ел чемпионаттары аясында сегізінші болып, 2022 жылдың ақпан айында Литвада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
ИнЕУ баспасөз қызметі