Фаниль Рафиков - NFC чемпионы! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Фаниль Рафиков - NFC чемпионы!
29 января 2021

Фаниль Рафиков - NFC чемпионы!

«Спорт және дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы Фаниль Рафиков 5-раундтық жекпе-жекте жеңіске жетіп, жеңіл салмақта NFC чемпионы атанды.


Naiza Fighting Championship промоушнының ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен NFC 28 турнирі Алматыда өтті.

Спортшы қазақстандық боксшы Серікбай Ходжабаевқа қарсы шықты. Фаниль Фархатұлы өзінің кәсіби мансабында он тоғызыншы жекпе-жекте жеңіске жетіп, жеңіл салмақта NFC жаңа чемпионы атанды. DAR Team командасының өкілі үшін бұл қатарынан екінші жеңіс және NFC Лигасындағы екінші жеңіс.

ИнЕУ басшылығы мен ұжымы Фаниль Рафиковты табысты өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтайды, жаңа жеңістер, жоғары жетістіктер және асқақ мақсатқа ұмтылуды тілейді!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(sports.kz сайтының ақпараты бойынша)