ИнЕУ студенті - күннің батыры! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенті - күннің батыры!
24 мая 2021

ИнЕУ студенті - күннің батыры!

ИнЕУ «Спорт және дене шынықтыру» кафедрасының студенті, хоккейден Қазақстан құрамасының қақпашысы Никита Бояркин хоккейден әлем чемпионатының соңғы матчының қаһарманы атанды. Ол Финляндиямен болған матчта 50 соққыны қайтарды.


«Жанкүйерлер күн кейіпкерін таңдады! Сіз әлі естімедіңіз бе? Қазақстан буллиттер сериясында қатарынан екі жеңіске жетті, соның ішінде Финляндиямен матчтағы бүгінгі апсет! Никита Бояркиннің арқасында!» - деп хабарлайды халықаралық хоккей федерациясы (IIHF).

Кеше хоккейден Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет Финляндия құрамасын жеңді. Бұл жеңіс іріктеу аясында екінші болды, соның арқасында Қазақстан құрамасы топта екінші орынға көтерілді.

Матчтың үздік ойыншысы қақпашы Никита Бояркин болды, ол 50 соққыны тойтарып алды. Бұл үшін халықаралық хоккей федерациясы қазақстандықты күннің батыры деп атады. Никитаны жеңісімен және халықаралық мойындауымен құттықтаймыз!

ИнЕУ-Чемпиондар университеті!

Ескерту: Никита Бояркин-22 жаста. Бойы - 187 см., салмағы-80 кг. ИнЕУ «Спорт және дене шынықтыру» кафедрасында оқиды. Кәсіби мансабын 2016 жылы «Теміртау» хоккей клубында бастаған. Одан кейін бірнеше жыл қатарынан «Теміртау» мен Қарағандылық «Сарыарқад» кезектесіп өнер көрсетті. Қазақстан чемпионатының өткен маусымында Бояркин «Теміртау» сапында өнер көрсетіп, Қарағандының «Сарыарқасында» 4 ойын өткізді. Ақпан айында Қазақстан Кубогының үздік қақпашысы деп танылды.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(фото: shaiba.kz)

Чат-бот