Талдықорғанда «IQ DODA» Республикалық зияткерлік ойыны өтті » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Талдықорғанда «IQ DODA» Республикалық зияткерлік ойыны өтті
10 декабря 2021

Талдықорғанда «IQ DODA» Республикалық зияткерлік ойыны өтті

7-9 желтоқсан аралығында Талдықорғанда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай халықтың барлық жіктерінің өкілдерін біріктіру, стандартты емес ойлауды, интуицияны, зияткерлік қабілеттерді қазіргі заманның үрдістеріне сәйкес дамыту мақсатында ұйымдастырылған «IQ DODA» республикалық зияткерлік ойыны өтті.
Зияткерлік ойын қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. «IQ DODA» ойынындағы сұрақтар сан алуан салаларға қатысты болды: дүниетаным, логика, тапқырлық және т.б. ойын 7 турдан тұрды: жалпы сипаттағы сұрақтар, ақиқат/жалған (әлемдік тарихи оқиғалар бойынша жалпы сұрақтар), «Шазам», «Рухани жаңғыру» атты музыкалық сұрақтар, команда капитандарына арналған конкурс, Қазақстан тарихы бойынша викторина, 2 баллдан 6 күрделі сұрақ.
Республикалық зияткерлік жарысқа еліміздің 12 өңірінен командалар қатысты. Байқауды белгілі тележүргізуші Серік Ақышев жүргізді. Павлодар облысының намысын «Ertis» командасы қорғады. Команда капитаны: Әділов Анвар Вадимович, Павлодар қаласының №14 мектебінің тарих пәні мұғалімі, команда мүшелері: мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі ақпарат және әлеуметтік даму басқармасы бастығының м. а. Темірлан Жасұланұлы Сәкенов, Инновациялық Еуразия университеті Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер басқармасының бастығы Анар Төлеутайқызы Қайдарова, Май ауданы Ақжар жалпы білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Балжан Мұратқызы
Павлодар облысының командасы іріктеу турында 2 орын, жартылай финалда 1 орын және финалда 2 орын алды. Команда мүшелеріне 600 000 теңге сомасына ақшалай сертификат пен алғыс хаттар берілді. Павлодар облысының намысын республикалық деңгейде қорғаған команда мүшелеріне шығармашылық табыстар мен кәсіби дамуды тілейміз.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот