Менің болашағым-менің таңдауым! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Менің болашағым-менің таңдауым!
08 декабря 2021

Менің болашағым-менің таңдауым!

Бүгін "Мектептегі кәсіби бағдарлаудың ерекшеліктері" тақырыбы бойынша "менің болашағым-менің таңдауым"атты алғашқы онлайн - семинар өтті. Семинарға Павлодар қаласы мектептерінің 60 – қа жуық психологы қатысты және маңызды тақырып-оқушыларды кәсіптік бағдарлау талқыланды.

Іс-шараның спикері ИнЕУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Әйгерім Алтынбекқызы Оразбекова болды. Ұйымдастырушы: Павлодар қаласының білім бөлімі @bilim_pavlodar. Семинар аясындағы келесі кездесу 2022 жылдың қаңтарына жоспарланды.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот