Сергей Беспалый: «Маған ғалым болуға адамдар көмектесті»
Павлодарлық ғалым Сергей Беспалый экономика профессоры дәрежесін алды. Атақ ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен берілді.
Жол қиын болды, дейді Сергей Беспалый. Бірақ бұл жолда шынымен ғылымға адал адамдар кездесті. Олар мені тоқтамауға ынталандырды.
- Университетке мені э.ғ. к., профессор, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Мурзина Рымтай Закбаровна жұмысқа шақырды, осылайша мен Павлодар университетінің бөлшегіне айналдым. э.ғ. к., профессор Елисеев Вилен Михайлович «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі болып мені қажетті ғылыми бағытқа бағыттады, сонымен қатар ол Қазақстан бағалаушылар қауымдастығын да қатар басқарды. Менің кандидаттық диссертациямның тақырыбы өнеркәсіптік кәсіпорындардың құнын басқарумен байланысты, - дейді экономика профессоры Сергей Беспалый.
Ғылыми өсуге, зерттеулерге ұмтылысты Сергей Беспалыйға, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қуаныш Қабиденұлы Әбуов оятты. Қуаныш Қабиденұлы болашақ профессордың кандидаттық диссертациясын қорғауға шығарды. Сергей Беспалыйдың ғылыми тағдырына үлкен үлес қосқан тағы бір адам — Валентина Павловна Шеломенцева.
- Профессор Валентина Павловна Шеломенцевамен біз Қазақстанның жекелеген кәсіпорындарын және өңірлерін дамытуға байланысты түрлі жобаларға қатыстық, бұл тәжірибе, дағдылар және талдау құралдарын меңгеру, мұның барлығы әрбір ғалымға қажет! Ұстаздарыма және менің дамуыма қатысқандардың барлығына алғыс айтамын!
Әр адамның өмірінде отбасы ең бастысы, оның қолдауынсыз ештеңе шықпас еді, мені отбасым қолдайды, мен сол сүйіспеншілікті өте бағалаймын!- дейді Сергей Беспалый.
Бүгінгі күні Сергей Беспалый студенттермен тәжірибе алмасуда. Ол ғылымда белгілі бір мақсаттар қойатындарға дұрыс бағыт беруге тырысады. Және қойған мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі.
- Бір мақсатқа қол жеткізе отырып және экономика профессоры бола отырып, мен одан әрі дамимын, бұл Павлодар өңірі үшін, Қазақстан үшін маңызды ғылыми-зерттеу тақырыптарына қатысу, студенттермен бірлесіп стартап-кәсіпкерлікті дамыту, Қазақстанның ғылыми журналдарында және жоғары импакт-факторы бар базаларда халықаралық индекстелетін мақалаларды жариялау!
ИнЕУ баспасөз қызметі