Студенттік ғылымды дәріптеу – «Бизнес және басқару» кафедрасының маңызды мақсаттарының бірі!
«Бизнес және басқару» кафедрасының студенттері экономикалық мамандықтар бойынша «Жастар кәсіпкерлігі» атты Халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар байқауының жүлдегерлері атанды. Байқау Торайғыров университетінде өтті.
Байқауға алыс шетел, ТМД және Қазақстан студенттері қатысты. Олар жастар кәсіпкерлігіне байланысты түрлі тақырыптардағы жұмыстарды ұсынды. ИнЕУ студенттері де жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселесіне бей-жай қарамайды, өз жұмыстарында олар зерттеулер жүргізеді, қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан халықаралық тәжірибе мен саясатты зерделейді.
Конкурс нәтижесі бойынша доцент, экономика ғылымдарының кандидаты Беспалый Сергей Владимировичтің жетекшілігімен үшінші жүлделі орындарға «Бизнес және басқару» кафедрасының студенттері Патрушев Александр (4 курс, «Қаржы» білім беру бағдарламасы), Еременко Иосиф (3 курс, «экономика» білім беру бағдарламасы), Канавец Станислав (3 курс, «Қаржы» білім беру бағдарламасы) ие болды.
«Жастар кәсіпкерлігінің тақырыбы қазіргі кезде аса өзекті, - дейді Сергей Беспалый. - Мемлекет жас кәсіпкерлерге үлкен көңіл бөледі және қолдау көрсетеді, бірақ әртүрлі деңгейлерде талқылау және көтеру қажет проблемалар мен ерекшеліктер бар. Студенттер зерттеу жұмысына деген ұмтылысымен ғылыми қызметте қолданылатын дағдыларды ғана емес, сонымен қатар әртүрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда сұранысқа ие деректерді талдау саласында да алады». Сергей Владимирович академиялық дағдыларды дамыту, ғылымды, ғылыми білімді дәріптеу жұмыстары алдағы уақытта да «Бизнес және басқару» кафедрасының басымдықтарында болатынына сендірді.
ИнЕУ баспасөз қызметі
(экономика ғылымдарының кандидаты, «Бизнес және басқару» кафедрасының доценті
Сергей Владимирович Беспалыйдың ақпараты бойынша)