ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады!
25 ноября 2020

ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады!

«Бизнес және басқару»кафедрасының студенттері «YoProject» облыстық стартап-жобалар байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.

 


2020 жылдың қараша айында Патрушев Александр мен Еременко Иосиф доцент Беспалый Сергей Владимировичтің жетекшілігімен «YoProject» стартап жобалар байқауына қатысты. Байқаудың ұйымдастырушысы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ болды.

Студенттер «Alive plastic» жобасын ұсынды - қайта өңделген пластиктен қаптау материалдарын өндіру. Стартаперлер екі іріктеу кезеңінен өтті, комиссия мен қатысушылар алдында өз жобаларын сәтті таныстырды, барлық сұрақтарға сенімді жауап берді және қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша конкурстың гран-приін алды.

Александр Патрушев пен Иосиф Еременконы, доцент Сергей Владимировичті құттықтаймыз және жаңа жеңістер мен табысты жобалар тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Бизнес және басқару» кафедрасының доценті С. В. Беспалыйдың ақпараты бойынша)