ИнЕУ оқытушысы қала әкімімен кездесті
Қала басшысы Ержан Иманслям белсенді азаматтық ұстанымы бар жұмыс істейтін жастарды диалог алаңына шақырды. Олардың арасында Инновациялық Еуразия университетінің «Құқық» кафедрасының оқытушысы Арсланбек Мұхаметқаиров та бар.
Кездесудің басты мақсаты Павлодар қаласының жұмыс істейтін жастары өкілдерінің өзара іс-қимылы үшін жағдай жасау, қызмет тәжірибесімен алмасу, өзекті мәселелер бойынша шешімдерді талқылау және бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ бір
- Біздің елімізде жастардың дамуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Мен өкілдердің бірі ретінде - оны сезінемін. «Облыс орталығының алғашқы тұлғалары қатысқан бұл кездесудің өзі мемлекет үшін маңызды», - дейді Инновациялық Еуразия университетінің «Құқық» кафедрасының оқытушысы Арсланбек Мұхаметқаиров.
Іс-шараның негізгі лейтмотиві жастар өкілдерінің «Тәуелсіздік мен үшін нені білдіреді» атты баяндамасы болды. Кездесуге Павлодар қаласының 22 ірі ұйымдарының өкілдері қатысты.
ИнЕУ баспасөз қызметі