«ERG service» өндірушілері ИнЕУ студенттеріне сабақ береді
Павлодар облысының ірі өнеркәсіптік кәсіпорны қабырғасында Инновациялық Еуразия университеті мен «ERG service» басшылығы арасында сындарлы диалогқа ұласқан кездесу өтті. ЖОО студенттері ИнЕУ – де алған білімдерін өндірісте іс жүзінде пайдалана алады деген келісімге келді.
Айта кету керек, «ERG service» Инновациялық Еуразия университетінің түлектері жауапты қызмет атқаратын жұмыс берушілердің бірі.
- ИнЕУ-де білім алған мамандар өндірісте жоғары дайындықты көрсетеді және ЖОО қабырғасында алған теорияны тәжірибеде сәтті қолданады. «Сондықтан, біз оларды бізде көруге әрқашан қуаныштымыз және өндірістегі тәжірибемен бөлісуге қуана дайынбыз», – деді кәсіпорын өкілдері.
Сонымен қатар, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. ИнЕУ оқытушылары, студенттер күнделікті өмірде де, өндірісте де әлеуметтік маңызды идеяларды белсенді әзірлейді және енгізеді.
- Біз «ERG service» компаниясының тәжірибелі мамандары біздің студенттерді оқытады деп келістік. Тәжірибелі мамандар біздің университетте жұмыс істейді. Мысалы, тіл, әдебиет және журналистика кафедрасында төрт «жазатын» журналист сабақ береді. «Алматыдан тәжірибесі мол «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған тағы бір студент шақырылды, бұл біздің студенттеріміздің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді деп санаймын», – дейді Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Анастасия Алиясова.
Сонымен қатар, ИнЕУ-де Павлодар облысының кәсіпорындарымен өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою бойынша жұмыс жалғасатын болады. Дуальды білім беру, бүгінгі таңда ЖОО – да-басымдық болып табылады.
ИнЕУ баспасөз қызметі