Құрметті марапатпен құттықтаймыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Құрметті марапатпен құттықтаймыз!
01 апреля 2021

Құрметті марапатпен құттықтаймыз!

«Спорт және дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы, NFC чемпионы Рафиков Фаниль Фархатұлы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.


«Біз біргеміз!» акциясы аясында коронавирус кезеңінде халыққа қолдау көрсетуге белсенді қатысқаны үшін марапат сыйлықты «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының «Jas Otan» жастар қанатының төрайымы Санира Жүсіпова табыс етті. Фаниль Фархатұлы қазіргі уақытта Алматыда Спорттық жиындарда болғандықтан, марапатты оның ағасы Абайға тапсырды, ал Фанильдің өзімен бейнебайланыс арқылы байланысқа шықты. Санира Жүсіпова спортшыға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі, ал Фаниль өз кезегінде Елбасына, «Nur Otan» партиясына, «Jas Otan» жастар қанатына алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жастармен волонтер ретінде жұмыс істейтінін айтты.

Фанил Фархатовичті марапат алуымен құттықтаймыз, айналадағы адамдарға көрсеткен көмегі мен еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл марапат иеленушінің кең жан дүниесін, оның белсенді азаматтық ұстанымын және Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін көрсетеді. Зор денсаулық, табыс, жаңа белестерді бағындыруға және асқақ мақсатқа табандылықпен қадам басуыңызға тілектеспіз!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(бейне көзі: instagram.com/jasotan_pavlodar)