ИнЕУ республикалық акцияны қолдады » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ республикалық акцияны қолдады
15 мая 2020

ИнЕУ республикалық акцияны қолдады

ИнЕУ «Біз біргеміз! «Nur Otan» республикалық акциясын қолдады. Бастамашы «Нұр Отан» партиясының төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды.


Осы акция аясында университеттің партия мүшелері тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына «үйден-үйге» негізінде байланыссыз атаулы көмек көрсетті. Азық-түлік пакеттері мұқтаждарға жеткізілді.
Акцияға ИнЕУ ректоры Бақытгүл Жетпісбаева, «Инновация» бастауыш партия ұйымының төрағасы және «Инновация» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары, ИнЕУ ТЖжӘМБ басшысы Шынболат Ташеков қатысты.
21 наурыздан бастап «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы облысымыздың 9 мыңға жуық тұрғынына көмек көрсетті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

  

  

  

 


ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Чат-бот