ИнЕУ профессоры Марина Темербаева Хирш индексі бойынша Ұлттық рейтингке енді » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ профессоры Марина Темербаева Хирш индексі бойынша Ұлттық рейтингке енді
28 мая 2025

ИнЕУ профессоры Марина Темербаева Хирш индексі бойынша Ұлттық рейтингке енді

 

National H-index Ranking — ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ жеке ғалымдардың ғылыми өнімділігін бағалауға бағытталған тәуелсіз халықаралық рейтинг. Бұл рейтинг ғалымдардың жарияланымдарының саны мен олардың дәйексөзделу деңгейін көрсететін Хирш индексіне негізделген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2024–2025 жылдарға арналған деректеріне сәйкес, елімізде 23 мыңнан астам ғалым ғылыми қызметпен айналысады. Осындай ауқымды ғылыми ортада Инновациялық Еуразия университетінің (ИнЕУ) профессоры Темербаева Марина Викторовна ел бойынша 609-орынға, ал ИнЕУ профессорлық-оқытушылық құрамы арасында 1-орынға ие болды.

Техника ғылымдарының кандидаты, профессор Марина Викторовна Темербаева – инженерлік саладағы ғылыми зерттеулермен белсенді айналысып келе жатқан білікті маман. Оның ғылыми еңбектері беделді басылымдарда жарияланып, жоғары дәйексөзделу деңгейіне ие. Ұлттық рейтингке енуі оның ғылыми қызметінің маңыздылығын және ИнЕУ-дің академиялық әлеуетін айқын көрсетеді.

ИнЕУ ұжымы профессор жетістігін мақтан тұтады және ғылым мен инновацияларды дамытуға қолдау көрсетуді жалғастырады.

Главная страница