Жеңіспен! » Инновациялық Еуразия Университеті
18 наурыз 2021

Жеңіспен!

Торайғыров университетінде Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық рухани құндылықтардың ерекшеліктерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын, ауыз әдебиетін дәріптеу мақсатында өткізілген «Дәстүрім мақтанышым» атты Павлодар өңірінде жоғары оқу орындарында білім алушы жастардың арасында өткізілген сайысқа, Инновациялық Еуразия университетінің журналистика және репортерлік ісі мамандығының 2 курс студенті Сьезбек Жансәри мен 1 курс студенті Ахат Сәния "Ізгілік тобы" болып қатысып, өз білімдерін ортаға салды.


Әділ-қазы мен көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, түрлі кезеңдерден сүрінбей өтіп, бас жүлдеге ие болды. Жеңімпаздарға жақсылық тілей отыра, толағай табыстарңыз көп болсын демекпіз!

  

ИнЕУ баспасөз қызметі

Главная страница Telegram Сенім байланыстары