Айымгүл Қасанова, жеңісіңмен! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Айымгүл Қасанова, жеңісіңмен!
01 марта 2021

Айымгүл Қасанова, жеңісіңмен!

«Әлеуметтік-гуманитарлық білім және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының, Пх(18с)-302 тобының студенті Касанова Айымгуль Биболовна «Болашақ ғалымдары» жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмысы республикалық конкурсының жеңімпаздары қатарына кірді.


Байқаудың ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры болды.

Айымгүл байқауға «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың дәрменсіздігін жеке ерекшелік ретінде білу» атты ғылыми жұмысын ұсынды. Жұмыс психология ғылымдарының кандидаты, «Әлеуметтік-гуманитарлық білім және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының доценті Татьяна Маратовна Кравцованың жетекшілігімен орындалды.

Айымгүл Биболқызы мен оның ғылыми жетекшісі Татьяна Маратовнаны жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс пен жетістіктер тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(ИнЕУ ғылыми-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің ақпараты бойынша)

Чат-бот