ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады!
23 ноября 2020

ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады!

«Құқық» кафедрасының студенті Хамзина Ақмарал Болатқызы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020-2021 оқу жылына арналған Студенттік стипендияларды алуға арналған республикалық конкурстың жеңімпаздары қатарына кірді.


Ақмарал Болатқызына стипендиат сертификаты табыс етілді, ай сайын 40 000 теңге мөлшерінде стипендия белгіленді және «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» мәртебесі берілді.
ИнЕУ ректораты жеңімпазды құттықтап, жаңа жеңістер мен табыстар тілейді!

Байқауға академиялық үлгерімнің ең жоғары көрсеткіштері бар, студенттер мен оқытушылар арасында беделге ие, оқу орнының қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді үлес қосатын студенттер қатысады.

ИнЕУ баспасөз қызметі