ИнЕУ студенттері жеңіске жетуді біледі! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенттері жеңіске жетуді біледі!
03 ноября 2020

ИнЕУ студенттері жеңіске жетуді біледі!

ИнЕУ студенттері халықаралық қатысумен III Бүкілресейлік студенттік жобалардың ғылыми байқауында жеңіске жетті!


«Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының студенттері Карабидович Арина мен Жакишев Дастан 2020 жылғы 28 қазанда И. И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университеті өткізген III Бүкілресейлік студенттік жобалардың ғылыми конкурсына қатысты (Ресей). Профессор М.В. Темербаеваның жетекшілігімен әзірленген студенттеріміздің жобалары жүлделі орындарға ие болды. Байқауға Ресей мен Қазақстаннан келген студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың 100-ден астам ғылыми жұмыстары ұсынылды.

Байқау комиссиясы А.Карабидовичтің «Бифидогендік қасиеттері бар ешкі сүтінен қышқыл сүт десертіне арналған өндіріс технологиясын және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу» ғылыми жобасына «Балаларға ұсынылды» номинациясында 1-орын; ал «Всему голова - хлеб функциональный» номинациясында Д. Жакишевтің «Павлодарлық» нанның жаңа түріне арналған өндіріс технологиясын және нормативтік-техникалық құжаттамасын әзірлеу» ғылыми жобасына2-орынды берді.

Университет басшылығы жеңімпаздарды құттықтап, ИнЕУ-дің халықаралық қоғамдастықтағы беделін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді және жаңа жеңістер тілейді!

ИнЕУ баспасөз қызметі

(«Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының меңгерушісі

М.В. Темербаеваның ақпараты бойынша)