ИнЕУ-де пікірталас! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ-де пікірталас!
17 марта 2021

ИнЕУ-де пікірталас!

ИнЕУ-де карантин кезінде алғаш рет пікірталас өтті. Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастырушылары оларды Наурыз мейрамына орайластырды.

 


Пікірсайысшылар көтерген тақырыптар маңызды болды: эвтаназия, өлім жазасы, бірыңғай халықаралық тілді енгізу және карантиндік шектеулер, айтпақшы, осы шектулер ИнЕУ акт залында толық сақталды.

Барлық тақырыптар белгілі бір елге сілтеме жасамай қаралды. Пікірсайыс турнирі американдық парламенттік формат бойынша өтті: бір команда тақырыпты қорғады, екіншісі оған қарсы шықты.

Қазылар алқасы дәлелдердің, фактілер мен қорытындылардың мықтылығын бағалады. Осы параметрлер бойынша құрамында Артур Бондаренко мен Наталья Лупий қатысқан СӨП-202 командасы абсолютті жеңімпаз атанды. Олар эвтаназияны және бірыңғай халықаралық тілдің енгізілуін сынға алды.

Турнирде екінші орынды Александр Патрушев пен Станислав Канавец иеленді. 

Үшінші орын Дарина Ходько мен Карина Каримова еншісіне бұйырды. 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қазылар алқасына алғыс білдіреміз!

  

  

  

Естеріңізге сала кетейік, сіз ИнЕУ-дің "Орда" пікірсайыс клубына мына телефон арқылы жазыла аласыз: +7 701 539 97 92

Сабақтар сейсенбі күні сағат 16:30-дан 18:00-ге дейін Ломов көшесі, 45, 102-кабинетте өтеді.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот