Пікірсайыс ойын емес, өмір салты! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Пікірсайыс ойын емес, өмір салты!
04 ноября 2020

Пікірсайыс ойын емес, өмір салты!

2020 жылдың 3 қарашасында ZOOM платформасында ИнЕУ студенттеріне арналған «Дебат деген не?» атты вебинар өтті.


Вебинардың спикерлері Павлодар пікірсайысшылар қауымдастығының төрағасы Шыңғыс Молдасапар және Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық мектебінің оқытушысы Асхат Сунчалиев болды. Олар тыңдаушыларға пікірсайысты өткізудің ықтимал форматтары, пікірсайысшылардың пайдалы дағдылары, бұл дағдылар оларға өмірде қалай көмектесетіні туралы айтып берді. Жоғары оқу орындарында пікірсайыс клубтарын құру тетіктері туралы мәселе егжей-тегжейлі баяндалды.

  

  

Университетте «Орда» дебат клубы жұмыс істейді. Барлық тілек білдірушілер WhatsApp-та пікірсайыс клубының үйлестірушілері Владимир Голубин мен Александр Петренкоға өтініш беру арқылы клубқа кіре алады: +7 705 405 29 43.

ИнЕУ баспасөз қызметі