ИнЕУ - Мейірімді университет! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ - Мейірімді университет!
01 марта 2021

ИнЕУ - Мейірімді университет!

Алғыс айту күні ИнЕУ ректоры Евгений Борисович Никитин жалпы республикалық игі істер марафонының ашылуына қатысты


Акцияның ашылуы Достық үйінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов пен меценаттар: депутаттар, өңірдің ірі кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары қатысуымен өтті.

- Жыл сайын ИнЕУ «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысады, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп керек-жарақтарын сатып алуға қаражат бөледі. Қазір науқас баланы емдеуге қаражат жинау жүріп жатыр. ИнЕУ-де еріктілер қозғалысы да дамыған. Студенттер қайырымдылық жәрмеңкелері мен акцияларын өткізеді, сенбіліктерге, саябақ және жағалау аумақтарын абаттандыруға қатысады, құрылыс отрядтарында жұмыс істейді. Қазір олар жалғыз басты зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартуға көмектесуде. Университет игі істер марафонын толық қолдайды. Бізде атаулы қайырымдылық көмек көрсетуде үлкен тәжірибеміз бар, сондықтан біз өзімізді мейірімді университет ретінде танытамыз, - деп бөлісті Евгений Борисович.

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл біздің мейірімділік пен өзара көмектің ортақ мерекесі.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот