ИнЕУ Ғылыми кітапханасына Жаңа кітаптар алуға шақырамыз!
Конрад Аденауэр атындағы қор Қазақстандағы жергілікті басқару субъектілеріне арналған «Жергілікті деңгейдегі саясат - өзекті және проблемалық сұрақтары» атты ұсынымдық құрал шығарды. Кітап ИнЕУ Ғылыми кітапханасында қазақ және орыс тілдерінде қол жетімді.
Басылымдар Қазақстан мен Германия сарапшыларының мақалалар жинағы болып табылады. Ғылыми жинақтағы мақалалар азаматтардың жергілікті басқаруға, бюджет саясатына және тіршілікті қамтамасыз ету факторларына қатысу мәселелеріне арналған. Бұдан басқа, оларда экономикалық құрылымдық өзгерістер мен тұрақты даму мүмкіндіктері, сондай-ақ жергілікті басқару саласындағы кадр саясаты қарастырылады. Негізгі сын-қатерлер мен проблемаларды шешудің мүмкін жолдары сипатталған. Кітаптар, ең алдымен, Қазақстандағы жергілікті реттеуді дамыту, республика азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру мәселелерімен айналысатын оқытушы-экономистерге, сондай-ақ қалың оқырмандарға қызықты және пайдалы болады.
ИнЕУ баспасөз қызметі
(ИнЕУ ҰБ библиографы М.Е. Амренованың ақпараты бойынша)