Өмір сүру үшін біл!
2020 жылдың 30 қарашасында ZOOM платформасында ИнЕУ студенттері мен оқытушыларына арналған «АИТВ-инфекциясы және алдын алу шаралары» вебинары өтті. Вебинар жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні қарсаңында өтті.
Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының педагогы Гүлсім Байжанқызы Турдинова АИТВ-инфекциясының тарихы, берілу жолдары, белгілері туралы ақпаратпен бөлісті, АИТВ-ны қандай талдаулар арқылы анықтауға болатынын, жұқтырудан қалай аулақ болуға болатынын айтып, студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, Гүлсім Байжанқызы қайғылы статистиканы атап өтті: оған сәйкес Павлодар облысы Қазақстанның басқа облыстары арасында тіркелген АИТВ жұқтырған азаматтар саны бойынша бірінші орын алады (2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша – 3515 адам). Осыған байланысты спикер сақтық шараларын сақтауды және симптомдар пайда болған жағдайда дереу талдау жүргізу үшін мамандандырылған мекемелерге хабарласуды ұсынды.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, сау болыңыз!
ИнЕУ баспасөз қызметі
(according to the student of the Ral18-302 group Ilya Slesarenko)