ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады!
ИнЕУ «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының студенті Владислав Ломадзе «Павлодарэнерго» АҚ ғылыми жұмыстар конкурсының жеңімпазы және атаулы стипендия иегері болды.
Владиславтың «Көп қабатты тұрғын үйлердің жүктемелер кестесін эксперименттік анықтау» тақырыбындағы ғылыми жұмысы екі кезеңнен өтті: комиссия сараптамасы және «Павлодарэнерго» АҚ-да көзбе-көз қорғау, оның нәтижесі бойынша ол ең жоғары балл алды.
Ғылыми жұмыстар байқауын Павлодар облысының оқу орындарымен әлеуметтік серіктестік аясында «Павлодарэнерго» АҚ құрды. Байқаудың мақсаты-талантты және шығармашыл белсенді студенттерді қолдау, олардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және жұмысқа орналасуға үміткерлер санын арттыру. Байқаудың басты шарты - ғылыми жұмыс тақырыбының өндірістік қызмет үшін өзектілігі.
Владислав Ломадзе өзінің ғылыми жетекшісі – «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Өмірзақова Анар Даукенқызына ғылыми жұмысты дайындауда көрсеткен көмегі мен құнды кеңестері үшін алғыс білдіреді.
ИнЕУ баспасөз қызметі