Құрметті оқытушылар, магистранттар және докторанттар! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Құрметті оқытушылар, магистранттар және докторанттар!
22 апреля 2020

Құрметті оқытушылар, магистранттар және докторанттар!

Сіздерді «ИнЕУ хабаршысы» - //vestnik.ineu.kz сайтының жаңартылған нұсқасы ашылғаны туралы хабардар етеміз.


Енді Сіз өз мақалаңыздың қолжазбасын редакциялық алқа қарауына және рецензиялауға интерактивті режимде жібере аласыз. Сізге электрондық сауалнаманы толтырфп, мақаласы бар файлды тіркеп және арнайы сілтеме бойынша оның сараптамадан өту бағытын бақыласаңыз жеткілікті. Редакциялық алқаның шешімі туралы хабарлама Сіздің электрондық мекенжайыңызға келіп, интерактивті журналда көрсетіледі. Басылымға қабылданған әрбір мақалаға DOI беріледі.
Қазіргі уақытта №2 шығарылымның редакциялық портфелі қалыптасуда. Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын жаңа талаптар сайтта орналастырылған.
Шетелдік авторлармен бірлескен мақалалар құпталады. Магистранттардың мақалалары ғылыми жетекшімен бірге ғана қабылданады.
Біз Сіздерді «Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы» атты кезекті шығарылымда өз мақалаңызды жариялауға және біздің журналымыздың жарияланым деңгейін арттыруға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.

 

Редакциялық алқаның
жауапты хатшысы Д.В. Дьяков