Конституция – барлығына маңызды заң!
30 тамызда мемлекетіміздің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституция Күнін атап өтті. Осыған орай Мекеме, кәсіпорын, оқу орындарында іс-шаралар өтті.
Павлодар облысының ТЖ Департаменті Конституцияның баптарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді, отырысқа ардагерлері мен тәжірибелі қызметкерлері және ТЖМ жас қызметкерлерін жинады. Сонымен қатар дөңгелек үстелге Департаментте ынтымақтастық туралы келісім жасалған Инновациялық Еуразия университетінің оқытушылары да шақырылды. «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша университет студенттері Департамент құрылымында тәжірибеден өтіп, оқуын аяқтағаннан кейін сол жерге маман болып жұмыс істейді. Отырысты ТЖ Департаментінің басшысының орынбасары полковник Асаинов Самат Талғатович ашты. Ол мемлекеттің дамуы мен Конституцияның құрылу тарихына қысқаша тарихи талдау жасады. Содан кейін сөз филология ғылымдарының докторы, профессор Имамбаева Ғайша Ертаевнаға берілді. Конституцияның маңыздылығын атап өтіп, ол қатысушылардың назарын мемлекеттік тілге қатысты мақалаларға, латын әліпбиіне көшу және басқа да маңызды фактілерге аударды, содан кейін өзінің кітаптары мен қазақ тіліне аударылған оқулықтарын Департаменттің кітапханасына сыйлады.
Айтжан Дәулет жас қызметкерлер атынан сөз сөйледі, ол алдыңғы спикерлердің ұрпақтар сабақтастығы, ардагерлер мен жастардың байланысы, әскери-патриоттық тәрбие туралы айтқан сөздерін қолдады.
Дөңгелек үстел ұжымдық суретке түсумен аяқталып жатты.
Матвеева Н.И.