ТЖ жас полиглоттар » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ТЖ жас полиглоттар
02 сентября 2019

ТЖ жас полиглоттар

Департаменттің ардагерлер Кеңесі ұйымдастырған, Төтенше жағдайлар департаментінде, Конституция Күніне арналған дөңгелек үстелден кейін полиглот конкурсы өтті. 


Төреші болуға Департаментпен серіктестік байланыста Инновациялық Еуразия университетінің оқытушылары филология ғылымының докторы, профессор Имамбаева Ғайша Ертаевна мен педагогика және психология магистрі Рудевский Александр Олегович шақырылды. Департамент қызметкерлері тапсырмаларды үш тілде орындады. 
Жеңіске жеткендер профессордың қолынан марапатталды.  
Мұндай конкурстар жиі өткізіліп тұру керек, бұл жастарға өздерінің тілдік білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді және өмірде, мансаптық өсуде көп пайдасын келтіреді! 


ф.ғ.д., профессор
Имамбаева Г.Е.