Инновациялық Еуразия университетінің Инкубациялық бағдарламасының үшінші легі сәтті аяқталды!
2026 жылғы 2–24 сәуір аралығында Инновациялық Еуразия университетінде Инкубациялық бағдарламаның үшінші легі сәтті өтті. Бағдарлама жас кәсіпкерлерді, әзірлеушілерді, зерттеушілерді және инновациялық жобалардың авторларын біріктірді.
Үш апта бойы қатысушылар өз жобаларын жетілдіріп, бизнес-модельдерін әзірледі, технологияларды коммерцияландыру тетіктерін меңгеріп, жобаларын одан әрі дамытуға, ауқымын кеңейтуге және инвестиция тартуға дайындады.
Инкубациялық бағдарлама кәсіпкерлік құзыреттерді дамытуға, тәжірибе алмасуға және инновациялық бастамаларды сараптамалық сүйемелдеуге арналған тиімді алаңға айналды. Қатысушылар жобаларды басқару, құндылық ұсынысын әзірлеу, маркетинг, қаржылық жоспарлау және жобаларды әлеуетті серіктестер мен инвесторларға таныстыру бойынша практикалық білім алды.
Бағдарлама қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға Инкубациялық бағдарламаны сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.
Үшінші лег аясында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттен бастап өнеркәсіп, медицина, білім беру және инженерлік әзірлемелерге дейінгі түрлі бағыттарды қамтитын жобалар ұсынылды.
Ұсынылған жобалардың қатарында:
- Дизайнер порталы;
- Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелерін мониторингтеудің инновациялық жүйесі;
- Rentbox (ERP System);
- Көлденең бағытталған бұрғылау (ГНБ) трассаларын есептеу және жобалауға арналған мобильді қосымша;
- HR Metrica – қызмет көрсету диалогтарын талдауға арналған ЖИ-платформа;
- Ganibet EduHub;
- Qaz Aspan.
Сонымен қатар, отандық технологиялар мен жоғары технологиялық өндірісті дамытуға бағытталған келесі жобалар ерекше қызығушылық тудырды:
- омыртқа ауруларын хирургиялық емдеуге арналған отандық имплантаттарды коммерцияландыруға дайындау;
- дрондар тобын үйлестіріп басқаруға арналған интеллектуалды бағдарламалық қамтамасыз ету;
- MetaQAse – бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеуді басқаруға және тестілік құжаттаманы автоматты түрде әзірлеуге арналған AI-платформа;
- Insight;
- жүк көлігі дөңгелектерінің айналуын визуалды бақылау элементтерін өндіру;
- kz цифрлық көпфункционалды платформасын әзірлеу және дамыту.
Ұсынылған жобалардың әрқайсысының әрі қарай дамып, коммерцияландырылуына зор мүмкіндік бар. Жобалардың әртүрлі бағыттарды қамтуы инновациялық кәсіпкерлік пен технологиялық әзірлемелерге қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Инкубациялық бағдарлама қатысушыларға сарапшылардың қолдауын алып, жобаларын келесі даму кезеңіне дайындауға мүмкіндік берген стартаптарды дамытудағы маңызды кезең болды.
Инновациялық Еуразия университеті Инкубациялық бағдарламаның үшінші легінің барлық қатысушыларын сәтті аяқталуымен құттықтайды және инновациялық жобаларын табысты жүзеге асырып, жаңа серіктестер мен инвестициялар тартуына, сондай-ақ өз өнімдерін нарыққа сәтті шығаруына тілектестік білдіреді.
Университеттің инновациялық экожүйесін дамытуға және перспективалы технологиялық жобаларды қолдауға қосқан үлестері үшін сарапшыларға, бизнес-трекерлерге, тәлімгерлерге және серіктестерге алғысымызды білдіреміз.