ИнЕУ және Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Инновациялық Еуразия Университеті мен Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға және мамандарды даярлау сапасын жетілдіруге бағытталған.
Ынтымақтастық аясында ғылыми зерттеулер жүргізуге қолайлы жағдай жасау, семинарлар, дәрістер, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру, сондай-ақ ғалымдар мен білікті мамандарды бірлескен жұмысқа тарту қарастырылған. Сонымен қатар, тараптар инновациялық білім беру жобаларын әзірлеп, енгізуді, озық педагогикалық тәжірибені жинақтап, оқытушылардың біліктілігін арттыруға ықпал етуді жоспарлап отыр.
Бұл меморандум білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған ұзақ мерзімді серіктестіктің берік негізін қалайды.