Болашақ векторы: колледждер мен жоғары оқу орындарының жұмысшы мамандықтарын дамытудағы синергиясы » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Болашақ векторы: колледждер мен жоғары оқу орындарының жұмысшы мамандықтарын дамытудағы синергиясы
05 февраля 2025

Болашақ векторы: колледждер мен жоғары оқу орындарының жұмысшы мамандықтарын дамытудағы синергиясы


 

Болашақ векторы: колледждер мен жоғары оқу орындарының жұмысшы мамандықтарын дамытудағы синергиясы

Осы тақырып аясында Инновациялық Еуразия университетінде облыстық мәслихат депутаттары, білім беру мекемелерінің директорлары, ірі кәсіпорындардың басшылары бас қосты. Кездесудің басты мақсаты – колледждер, университеттер мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайту, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және білікті кадрларды даярлау бойынша басымдықтарды айқындау болды.

– Бүгін біз маңызды кезеңнің – Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтар жылының қарсаңында тұрмыз. Бұл жай ғана бастама емес, еңбекке деген құрметті жаңғыртуға, өнеркәсіптің, инженерлік және техникалық мамандықтардың дамуына бағытталған ауқымды қадам. Жұмысшы мамандықтары – экономиканың негізі, кез келген өндіріс, құрылыс, энергетика, көлік және басқа да салалардың тірегі, – деп атап өтті ИнЕУ проректоры Амангелді Бейсембаев кездесуді аша отырып.

Кездесу басталар алдында қонақтарға университет аудиториялары мен зертханалары бойынша кең көлемді экскурсия ұйымдастырылды. Университет профессорлары мамандар даярлау үдерісі, жаңашылдықтар мен инновациялық жобалар туралы баяндап берді.

– Университеттің заманауи материалдық-техникалық базасы, студенттерге жасалған жағдайлар бізді таңғалдырды. Мұнда техникалық мамандық студенттері оқытушылар берген теориялық білімдерін бірден тәжірибеде қолдана алады. Дуальды білім беру жүйесінің енгізілгені өте маңызды, өйткені студенттер өздерін нақты өндірісте көрсете алады. Инновациялық Еуразия университетінің еңбек нарығының сұраныстарына сай жоғары білікті мамандар даярлауға ұмтылып отырғанын анық көріп тұрмын, – деді Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Раушан Даумова.

Кездесу барысында тек жұмысшы мамандықтарын жастар арасында танымал ету ғана емес, сонымен қатар сапалы кәсіби білім беру жүйесін дамыту, білікті кадрларды даярлау, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу мәселелері де талқыланды. Әрбір студент пен жас маман өз болашағын, кәсіби дамуы мен мансаптық өсу мүмкіндіктерін айқын көруі маңызды екені атап өтілді.

– Бүгінде алдымызда бірқатар маңызды міндеттер тұр:

✅ Жаңа индустрияландыру мен цифрлық трансформация талаптарына сай жоғары білікті кадрларды даярлау үшін қажетті жағдай жасау.

✅ Колледждер, жоғары оқу орындары мен өндіріс орындары арасындағы байланысты күшейту, тиімді тәлімгерлік жүйесін және дуальды білім беру моделін дамыту.

✅ Жастар арасында инженерлік ойлау жүйесін қалыптастыру және қолданбалы дағдыларды дамыту, әрбір студентке кәсіби өсу мүмкіндігін ұсыну.

✅ Жаңа жұмыс орындарын ашу және озық технологияларды енгізу арқылы Қазақстанның жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Жұмысшы мамандықтары мен инженерлік мамандықтар тығыз байланысты. Инженерлер идеялар мен жобалар әзірлейді, ал шеберлер, техникалық мамандар мен технологтар оларды жүзеге асырады, – деп түйіндеді сөзін ИнЕУ проректоры Амангелді Бейсембаев.

ИнЕУ ұжымы Жұмысшы мамандықтар жылы еңбекке деген құрметтің символына айналып қана қоймай, кәсіби білім беру жүйесінде жаңа реформалардың бастамасы болатынына, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуға және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға серпін беретіндігіне сенім білдірді.

Чат-бот