25 желтоқсанда «AWE» әйелдер кәсіпкерлігі академиясының қатысушыларына арналған «DreamBuilder» курсының тұсаукесері өтті » Инновациялық Еуразия Университеті
» » 25 желтоқсанда «AWE» әйелдер кәсіпкерлігі академиясының қатысушыларына арналған «DreamBuilder» курсының тұсаукесері өтті
28 декабря 2021

25 желтоқсанда «AWE» әйелдер кәсіпкерлігі академиясының қатысушыларына арналған «DreamBuilder» курсының тұсаукесері өтті


25 желтоқсанда Инновациялық Еуразия университеті ашқан «AWE» әйелдер кәсіпкерлігі академиясының қатысушыларына арналған «DreamBuilder» курсының тұсаукесері өтті. «AWE» жобасының бизнес-тренерлері Зульфия Арынова мен Зубираш Смағұлова презентация жасады.


Олар барлық курс барысында қатысушыларды сүйемелдейді.
«DreamBuilder» курстары 2022 жылдың наурызына дейін аралас форматта (онлайн және офлайн) жалғасады. «DreamBuilder» - бұл АҚШ Елшілігі ұсынатын арнайы курстар, олар қатысушыларға өз ісін бастау немесе дамыту дағдылары мен білімдерін үйретеді. «DreamBuilder» - ден өткеннен кейін грант иелері табысты бизнесвумен болу мақсатына жақындайды және сол арқылы ел экономикасын нығайтады.
Academy of Women Entrepreneurs (AWE) – ИнЕУ мен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің @usinkz бірлескен жобасы. Ол 2021-2022 жылдарға есептелген. Мақсаты-Павлодар, Екібастұз және Ақсу әйелдеріне өздерінің экономикалық әлеуетін іске асыруға көмектесу.


   

  

ИнЕУ баспасөз қызметі