IV- Бүкілресейлік студенттік жобалар ғылыми байқауының жеңімпаздары! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » IV- Бүкілресейлік студенттік жобалар ғылыми байқауының жеңімпаздары!
21 декабря 2021

IV- Бүкілресейлік студенттік жобалар ғылыми байқауының жеңімпаздары!


ИнЕУ Инженерлік-технологиялық факультетінің «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» ББ студенттері Әшірбекова Әйгерім мен Никитина Анна профессор М. В. Темербаеваның жетекшілігімен халықаралық қатысумен IV Бүкілресейлік студенттік жобалар ғылыми байқауының жеңімпаздары атанды!

«Ерекше. Дәмді. Биотехнологиялық» IV- Бүкілресейлік студенттік жобалар ғылыми байқауының ұйымдастырушысы «И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің» (Бийск қ.) ВО ФМБОУ жанындағы Бийск технологиялық институты болып табылады.

Жыл сайынғы конкурсқа Ресей, Қазақстан, Ливан Республикасы және Сириядан стандарттау, азық-түлік биотехнологиясы, өсімдік шикізатын қайта өңдеу технологиясы және дұрыс тамақ өнімдері технологиясы саласындағы студенттердің, магистранттар мен аспиранттардың 52 ғылыми жұмысы қатысты.

ІV Бүкілресейлік студенттік жобалар ғылыми байқауының конкурстық комиссиясының қорытындысы бойынша: Әшірбекова Әйгерім «Әр күнге өнім (тағам)» номинациясында «Түрлі дәм толтырғыштары бар ешкі сүті негізінде қышқыл сүт десертіне арналған өндіріс технологиясын және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу» ғылыми жобасымен 1-орын алды. Никитина Анна «Бірегей таңғы ас» номинациясында «Chlorella балдыры бар кондитерлік өнімдердің жаңа түріне өндіріс технологиясын және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу» ғылыми жобасымен 3-ші орынға ие болды.

Конкурстық комиссия Инновациялық Еуразия университеті студенттерінің бірегей ғылыми жобаларын дайындау мен ұсынудың жоғары деңгейін атап өтті.


ИнЕУ баспасөз қызметі В. Темірбаеваның ақпараты бойынша

Чат-бот