ИнЕУ-де «Biznes urpaq» курсы салтанатты түрде ашылды.
Жиналғандарға жоба командасы таныстырылды. Оған ИнЕУ-дің профессорлық-оқытушылық құрамы, бизнес-тренерлері, кәсіпкерлік курсының жүргізушілері кірді. Олар: Жанұзақова Салтанат Қабидоллақызы, Нарынбаева Айна Серікқызы, Ифутина Елена Анатольевна, Бекниязова Дана Сайлауқызы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында бизнесті «нөлден бастап» құру дағдыларына онлайн-оқыту іріктеуі өткен болатын. Курс 2022 жылдың 5 қарашасынан 29 қаңтарына дейін өтеді. Жоба Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
- Бұл жобадағы біздің мақсатымыз-жоба қатысушыларының кәсіпкерлік ойлауын, олардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру, таланттарын ашу. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік пен креативті тәсіл 21 ғасырдың өмірлік маңызды дағдылары және дәл осы кәсіпкерлік курсында осы дағдыларды дамытуға болады, - деді жоба жетекшісі Салтанат Жанұзақова.
Жобаға қатысуға 14 пен 25 жас аралығындағы жастар шақырылды. Бұл студенттер мен оқушылар ғана емес, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар да. Нәтижесі бизнес-идеяларды жасау және таныстыру болады. Олардың ішінен үздіктері таңдалады.
- Оқыту сенбі күндері үш ай бойы жүргізіледі. Жоба аясында «Үздік мектеп бизнес идеясы», «үздік студенттік бизнес идея» номинациялары бойынша жүлделермен байқау қарастырылған, 1,2,3 орын иегерлерін анықтаймыз, бұдан басқа жобаның әрбір қатысушысы сертификат алады, - деді жоба авторы Салтанат Жанұзақова.
Айта кету керек, курс бағдарламасы өте мазмұнды. Оған нарықты және оның түрлерін зерттеу, клиенттерді зерттеу, маркетинг және тағы басқалар кіреді. Ісін жаңа бастаған бизнесмендермен – табысқа қол жеткізген кәсіпкерлер тәжірибе алмасады. Үздік бизнес-идеялардың авторлары АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі өткізетін Go Viral фестивалінің қатысушылары болады.
- АҚШ миссиясы кәсіпкерлік, жұмыс орындары мен инновациялар арқылы жастардың мүмкіндіктерін кеңейту идеяларын қолдайды. Бұл курстар жастардың өміріне және сіздің еліңіздің экономикалық дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Бұл бағдарлама американдық кеңістікті қолдау қоры аясында жүзеге асырылатындығын ерекше атап өткен жөн, - деді АҚШ Бас консулының кеңесшісі Ананд Кришна.
Go Viral фестивалі Алматыда он күн бойы өтеді. 2022 жылға жоспарланған. Бағдарламада: АҚШ, Орталық Азия және Шығыс Еуропаның жетекші трендсеттерлерінен дәрістер, воркшоптар, панельдік дискуссиялар, Фильмдер көрсетілімдері, концерттер және т.б. бар.
ИнЕУ баспасөз қызметі