Бизнес сабақтары: KZ жастарына арналған USA
Бүгін университет базасында іске қосылатын жаңа бірлескен жоба бойынша Инновациялық Еуразия университеті басшылығының АҚШ Елшілігімен алғашқы онлайн-кеңесі өтті. Жоба барысында Қазақстанның экономикалық өсуін қолдау үшін жастарды кәсіпкерлікке оқытудың жалпыұлттық бағдарламасы ұсынылады.
Кеңеске жобаның ұйымдастырушылары: АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының кеңесшісі Ананд Кришна, АҚШ-тың Астанадағы елшілігінің Америкалық бұрыштар жобасының үйлестірушісі Жанар Құлжаева қатысты. ИнЕУ атынан кәсіпкерлік блоктың оқытушылары: Айна Нарынбаева, Елена Ифутина, Дана Бекниязова және Жоба жетекшісі, ИнЕУ ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Салтанат Жанұзақова қатысты.
Қарашадан қаңтарға дейін Қазақстан бойынша америкалық бұрыштардың қатысуымен онлайн форматта жоғары сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, жұмыс істеп жүрген және ісін жаңа бастаған бизнесмендер кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.
ИнЕУ бағдарламалары бойынша жастар қаржылық сауаттылықты игереді, өз мансабын жоспарлайды, бизнесмендерге қажетті жұмсақ дағдыларды дамытады.
- Курс түлектері бизнес-идеяны әзірлеп, оны бизнес-модельге сала білуі, мақсатты аудиторияны, жеткізушілерді, өткізу арналарын, шығыс және кіріс бөліктерін көре білуі тиіс. Олар өз презентацияларын қорғауға мәжбүр болады. Соңында жеңімпаздар анықталады, - деп түсіндірді жоба жетекшісі Салтанат Жанұзақова.
АҚШ Бас консулдығының кеңесшісі Ананд Кришна бірден ұсыныс жасады:
- Жыл сайын жастар өз идеяларын ұсынатын фестиваль өткіземіз. Келесі жылы сіздің бағдарламаңыздың жеңімпаздары фестиваль кезінде өздерінің бизнес-жобаларын ұсына алады ма?
- Олар үшін бұл жақсы ынталандыру болады, - деп растады Салтанат Жанұзақова.
Осы аптада американдық бұрыштармен жұмыс басталады.
Фёдор Ковалев