«Erasmus+ Talent project» жобасының серіктес жоғары оқу орындары бағдарламаны одан әрі іске асыру мәселелерін талқылады. » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «Erasmus+ Talent project» жобасының серіктес жоғары оқу орындары бағдарламаны одан әрі іске асыру мәселелерін талқылады.
29 сентября 2021

«Erasmus+ Talent project» жобасының серіктес жоғары оқу орындары бағдарламаны одан әрі іске асыру мәселелерін талқылады.

Кездесу Қырғызстан астанасы-Бішкекте өтті. Жобаның Қазақстаннан белсенді серіктесі-Инновациялық Еуразия университеті. ЖОО басшылығы бір жылдағы жұмыс нәтижелерімен таныстырды. ИнЕУ-де жоба аясында «HR management» магистрлік бағдарламасы іске қосылды. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

Адами ресурстарды басқару саласындағы магистрлік бағдарламаларды іске қосу – «Erasmus+ Talent project» жобасының негізгі міндеті. Оны Еуропалық Одақ қаржыландырады. Жобаға Орталық Азиядан жеті ЖОО қатысады. Әрқайсысы әзірленген білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарының құрылымын таныстырды. Айта кету керек, Инновациялық Еуразия университеті әрдайым болашаққа қарайды. Сондықтан оқу барысында еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік мәселесі көтеріледі.

- Мұндай кездесулер Орталық Азия мен Еуропалық Одақтың әріптес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Жұмыстың әсері артады. Жоба шеңберінде магистрлік бағдарлама талқыланып, тәжірибе алмасу болды, бұдан басқа білім беру бағдарламалары бойынша мониторинг жүргізу туралы уағдаластық қабылданды, - дейді Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Анастасия Алиясова.

Бішкектегі кездесуде сарапшылар мәселені атап өтті. Орталық Азияда жоғары оқу орындары түлектерінің саны артқаны байқалады. Сонымен бірге, олар үшін еңбек нарығы аз болады. Сондықтан «Erasmus+ Talent» жобасы аясында осы мәселемен айналысып, еңбек нарығын нығайтуға үлес қосу жоспарланып отыр.

- Жоба бірінші кезекте адами ресурстар саласындағы негізгі пәндерді терең түсінуді дамытуға бағытталған. HR үнемі өзгеріп отыратын күрделі және динамикалық бизнес орталарында жұмыс істеуі керек. Сондықтан Студенттер үшін сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасау қажет, - деп атап өтті кездесуде.

Пандемия халықаралық ынтымақтастыққа әсер етті, дейді серіктес университеттердің өкілдері, бірақ жоба аясында жұмыс жалғасуда. Ұзақ үзілістен кейінгі офлайн-кездесу барысында сарапшылар Инновациялық Еуразия университетінің магистрлік бағдарламасын жоғары бағалады.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот