ИнЕУ «World Cleanup day 2021»/ «Birge-taza Qazaqstan» акциясына қатысты
«Birge-taza Qazaqstan» экологиялық акциясы Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған («World Cleanup day»). Ол бүкіл өңір бойынша өтті. Сенбілікке 5000 адам қатысты.
Усолка өзенінің алқабында экологиялық сенбілік өтті. ИнЕУ студенттері мен оқытушылары оның белсенді қатысушылары болды. 10 қап қоқыс жиналды.
- Біз, ИнЕУ студенттері, Қоршаған орта жағдайына, туған өлкеміздің табиғатына бей-жай қарамаймыз. Сондықтан біз әрқашан осындай Экологиялық акциялардың қатысушысы болуға қуаныштымыз. Барлық демалушыларды қоқыс қалдырмауға шақырамыз, өйткені оны өзіңізбен бірге алып, қаладағы қоқыс жәшігіне қалдыру қиын емес. Тазалық бізге байланысты. Бүгін біз бірге үлкен көлемдегі қалдықтарды жинадық, - дейді ИнЕУ студенті Аяулым Төлегенова.
Айта кету керек, Павлодарда эко-сенбіліктер дәстүрге айналды. Олар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде өткізіледі (2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда»).
Іс-шараның басты мақсаты-экологиялық акцияны ұйымдастырушылар тұрғындардың назарын қоршаған ортаны қалдықтармен ластау мәселесіне аудару, экологиялық мәдениетті арттыру.
- Акция жекелеген аумақтарды тазалауға ғана емес, жиналған пластикті қайта өңдеуге бере отырып, қоқысты бөлек жинауға да бағытталған, - деп атап өтті Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасында.
Айтпақшы, «Таза жағалау» айлығы аясында жағалау аумақтарын тазарту, шыбын личинкаларының жиналатын орны болып табылатын субстраттың мөлшерін азайту жоспарлануда. Акция 18 қыркүйекте басталып, 18 қазанға дейін жалғасады.
ИнЕУ баспасөз қызметі