Салтанат Жанұзақованы Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Салтанат Жанұзақованы Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз!
05 августа 2021

Салтанат Жанұзақованы Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз!

Салтанат Қабидоллақызы Жанұзақова - PhD докторы, доцент. Инновациялық Еуразия университетінде 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор лауазымына кіріскенге дейін ИнЕУ Мансап орталығының басшысы қызметін атқарды.


Қысқаша өмірбаяны:

  • 1998 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша аяқтады;
  • 2006 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірді;
  • 2009 жылы Инновациялық Еуразия университетінің магистратурасын бітірді. Менеджмент магистрі академиялық дәрежесі берілді;
  • 2020 жылы 6D050600 «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторы атағы берілді;
  • «Өзін-өзі басқару және таныстыру техникасы», «Кәсіпкерліктегі көшбасшылық психологиясы», «Жеке өсу», «Тайм менеджмент», «Бизнес қауіпсіздігі» авторлық семинарларының әзірлеушісі болып табылады;
  • Оқытушылық қызметтегі кәсіби тәжірибесі-14 жыл.


Құрметті Салтанат Қабидоллақызы! Инновациялық Еуразия университетінің Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры лауазымына кірісуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Ұжым Сіздің кәсіби тәжірибеңіз, энергияңыз, ынта-жігеріңіз, басқарушылық талантыңыз және жоғары ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз Сіздің әлеуетіңізді толық іске асыруға, осы жауапты лауазымда айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретініне және ИнЕУ-ді өркендетуге әкелетініне сенім білдіреді. Сізге сәттілік, үлкен мүмкіндіктер және біздің тату ұжымда үйлесімді жұмыс тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот