Жаңа қызметте сәттілік! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Жаңа қызметте сәттілік!
19 июля 2021

Жаңа қызметте сәттілік!

Павлодар қаласының әкімі болып ИнЕУ түлегі Асаин Байханов тағайындалды. Жаңа қала басшысын Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды


Аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Павлодардың жаңа әкімінің кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігінде келісіліп, қалалық мәслихат депутаттарымен мақұлданды. Әбілқайыр Сқақов жаңа қала басшысы алдында жұмыстағы негізгі басымдықтарды атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы бір жарым жыл бойы Асаин Байханов Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Асаин Байханов 1978 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар университетін (2006 ж.бастап ИнЕУ деп өзгертілді) «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

2020 жылғы наурыздан бастап жаңа тағайындауға дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, Ауыл шаруашылығы, ауылдық аумақтарды дамыту, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта мен су ресурстары, жер қатынастары және  т. б. мәселелерге жетекшілік етті.

Асаин Байхановты тағайындалуымен құттықтаймыз және жаңа қызметінде табыс тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(inform.kz сайт ақпараты бойынша)

Чат-бот