Жаңа қызметте сәттілік! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Жаңа қызметте сәттілік!
06 апреля 2021

Жаңа қызметте сәттілік!

ИнЕУ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.


Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Олег Крук 1967 жылы Павлодарда дүниеге келген. 1992 жылы Павлодар индустриалды институтын «Инженер-промтеплоэнергетик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Павлодар 3-ЖЭО монтері болып бастады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жылу электр орталығында жұмысын жалғастырды, онда қазандық цехының инженер-технологы, кейінірек бас инженердің орынбасары болып жұмыс істеді. 1997 жылы Олег Крук «Компания CCL-Энерго» ЖШС материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының бастығы болды. 1999 жылдан 2002 жылға дейін «Солтүстік Қазақстан энергетикалық компаниясы» ЖШС, «Казснабцентр» ЖШС, «Казпромресурс» ЖШС, «Теплоцентр-Северный» ЖШС Павлодар филиалында жұмыс істеді. 2002 жылы «Павлодарэнерго» ААҚ жылу желілерінің директоры болды. 2006 жылы «Павлодар жылу желілері» АҚ басқарды. 2007 жылы Олег Крук Мемлекеттік қызметке ауысып, Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментін басқарды. 2008 жылы Павлодар әкімінің орынбасары болып тағайындалды және осы қызметте төрт жылдан астам жұмыс істеді. Кейін жеке секторда жұмыс істеп, кәсіпкерлікпен айналысты. 2020 жылы Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасын басқарды, онда қазіргі тағайындалғанға дейін жұмыс істеді.

Олег Павловичті тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз, зор денсаулық, жаңа кәсіби биіктерге жетуді, барлық белгіленген жоспарларды іске асыруды және жаңа қызметте табыс тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(pavlodarnews.kz сайтының ақпараты бойынша)

Чат-бот