ИнЕУ командасы-Big Ideas Marathon жеңімпазы! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ командасы-Big Ideas Marathon жеңімпазы!
06 мая 2021

ИнЕУ командасы-Big Ideas Marathon жеңімпазы!

Big Ideas Marathon стартаптар байқауы қызу өтті-50 команданың 26-сы финалға шықты, олардың тек 5-і ғана жеңімпаз атанды. Олардың қатарында ИнЕУ студенттері Әйгерім Батталова мен Дана Тасым бар!

 


Қыздар конкурсқа өздерінің стартап-жобасын – үй кондитерлік өнімдерін ұсынды. Олардың тұсаукесерге дайындығын ментор Әділет Доштияров, EcoSystemERG амбассадоры, креативті кәсіпкер, GRAND CINEMA кинозалының және Romance D'Art үйлену салонының негізін қалаушы қадағалады.

Енді жеңімпаздар Қазақстан астанасында өтетін Entrepreneurial Meetup іс-шарасына қатысады деп күтілуде. Big Ideas Marathon ұйымдастырушылары пойызбен жүру және Астанадағы хостелде тұру шығындарын өз мойнына алады.

Жеңісіңізбен құттықтаймыз!

Big Ideas Marathon EcoSystemERG жобасы шеңберінде ұйымдастырылды, оның мақсаты классикалық өңірлік оқу орындарын кәсіпкерлікке айналдыру, өңірде кәсіпкерлік қоғамдастықты дамыту, сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту болып табылады.

«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы 2017 жылдың наурыз айында ERG (Еуразиялық Топ) компаниясының бастамасымен, Алматы Менеджмент университетімен және Қазақстандағы Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығымен серіктестікте бастау алды.

ИнЕУ баспасөз қызметі