Құрметті марапатпен құттықтаймыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Құрметті марапатпен құттықтаймыз!
05 мая 2021

Құрметті марапатпен құттықтаймыз!

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының аға оқытушысы Омарова Ақкенже Бердіханқызы және «Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Қасенова Жанар Сағатбекқызы «Бөбек» жалпыұлттық қозғалыс» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз мемлекеттер достастығының ғылыми - білім беру мекемелері арасындағы «III Халықаралық кітап басылымы», «Үздік жас ғалымдар-2021» жобасына қатысып І дәрежелі дипломдармен марапатталды.


Диплом, куәлік және медальді Ақкенже Бердіханқызы мен Жанар Сағатбекқызы «Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы» ҚҚ басшысы Е.Ешімовтан және «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Е. Әбиевтен алды.

ИнЕУ консорциумының басшылығы мен ұжымы Ақкенже Бердіханқызы мен Жанар Сағатбекқызын шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, жемісті ғылыми қызмет және жаңа белестерді бағындыруды тілейді!

 

  

ИнЕУ баспасөз қызметі