ИнЕУ оқытушысы – «Үздік жас ғалым – 2020» » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ оқытушысы – «Үздік жас ғалым – 2020»
17 ноября 2020

ИнЕУ оқытушысы – «Үздік жас ғалым – 2020»

«Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Кожиков Саян Нығметоллаұлы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми - білім беру мекемелері арасында ұйымдастырылған «II Халықаралық кітап басылымы», «Үздік жас ғалым – 2020» жобасына қатысып, I дәрежелі Диплом мен «Үздік жас ғалым-2020» медалін жеңіп алды.


Жобаны ұйымдастырушы: «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы Қазақстан ғалымдарының Конгресі.

Саян Кожиковтің «Теміржол пластикалық шпалдарын енгізу және қолдану» атты ғылыми жұмысы үздік деп танылып, ТМД жас ғалымдарының ғылыми мақалалар жинағында жарияланды.

Университет басшылығы жеңімпазды құттықтап, жаңа жеңістер тілейді!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн»
кафедрасының аға оқытушысы С.Н. Кожиковтың ақпараты бойынша)