ЖОО ішіндегі студенттік пәндік олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!
2021 жылдың 30 наурызында «Бизнес және басқару» кафедрасында ағымдағы жылдың ақпан айында өткен ЖОО ішіндегі студенттік пәндік олимпиада жүлдегерлерін марапаттау өтті.
Олимпиада білім беру бағдарламаларының 6В0141 «Бизнес және басқару» даярлау бағыттары бойынша онлайн-форматта өткізілді:
• 6В04101 «Экономика»
• 6В04102 «Менеджмент»
• 6В04103 «Есеп және аудит»
• 6В04104 «Қаржы»
• 6В04105 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
Олимпиадаға экономикалық мамандықтардың, академиялық топтарынан 17 студент қатысты: ГМУ 19-202, Мд18-302, Эк18-302, Эк19-202, Кар18-301, ф18-302, Ф19-202, ф20(с)-102, ЕА19(қ)-201, УА18-302, УА19-202 (топ кураторлары – Бекниязова Дана Сайлауовна, Ифутина Елена Анатольевна).
Ұйымдастыру комитетінің құрамына кафедрадан келесі оқытушылар кірді:
- Кашук Людмила Ивановна («Менеджмент» білім беру бағдарламасы);
- Стародубцева Елена Леонидовна («Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы»);
- Давиденко Людмила Михайловна («Қаржы» білім беру бағдарламасы);
- Арынова Зульфия Амангелдіқызы («экономика» білім беру бағдарламасы);
- Қайдарова Ләззат Қайыркенқызы («мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы).
Олимпиада тапсырмасы екі бөлімнен тұрды:
- тестілеу мамандықтың бейіндік пәнінің курсы бойынша білімін тексеруге бағытталған (15 сұрақ);
- дайындық бағыты бойынша ситуациялық кейспен жұмыс.
Бағалау қағидаттары барлық мамандықтар үшін бірдей болды. Кейс тапсырмаларын орындау нәтижелерін бағалаудың толықтығы мен объективтілігін кейсті әзірлеген оқытушы анықтады. Оқушылардың теориялық білімдері, эрудиция және ситуациялық есептерді шешу қабілеттері бағаланды.
Олимпиада жеңімпаздары келесі студенттер болды:
6В04103 ББ «Есеп және аудит»:
- 1 орын-Шитемирова Камила Руслановна, ЕА19-202 тобы;
- 2 орын-Кононенко Александра Андреевна, ЕА19-202 тобы;
- 3 орын-Касымжан Зухра Ериковна, ЕА19-202 тобы.
6В04102 ББ «Менеджмент»:
- 1 орын - Абитов Карим Муратович, Мд18-302 тобы.
6В04101 ББ «Экономика»:
- 1 орын - Трофимова Алена Геннадьевна, Эк19-202 тобы;
- 2 орын - Абишева Зарина Зекеновна, гр. Эк18-302 тобы;
- 3 орын - Абельдинова Индира Нуржановна, гр. Эк18-302 тобы.
6В04104 ББ «Қаржы»:
- 1 орын - Канавец Станислав Александрович, Ф18-302 тобы;
- 2 орын – Рагозина Наталья Валерьевна, Ф19-202 тобы;
- 2 орын - Сонина Алина Дмитриевна, Ф19-202 тобы;
- 3 орын - Мухаметкалиев Жандос Темирбулатович, Қар18-301 тобы.
6В04105 ББ «Мемлекеттік және жергілікті басқару»:
- 2 орын - Сманкулова Диана Ерканатовна, ГМУ19-202 тобы.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және 2021 жылғы университеттің пәндік студенттік олимпиадасының барлық қатысушыларына алғыс айтамыз!
ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Бизнес және басқару» кафедрасының ақпараты бойынша)