Біз көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырамыз және командада жұмыс істеуді үйренеміз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Біз көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырамыз және командада жұмыс істеуді үйренеміз!
19 марта 2021

Біз көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырамыз және командада жұмыс істеуді үйренеміз!

ИнЕУ-де «Көшбасшылық және команданы қалыптастыру» тренингі өтті. Ұйымдастырушы Инновациялық Еуразия университетінің бизнес және іскерлік әкімшілендіру мектебі болды.


Байгалиева Светлана - негізгі және ілгері бизнес дағдылары бойынша аға бизнес-тренер, консультант, Алматы қаласының кәсіби коуч қатысушыларға команданы құру және дамыту кезеңдері, тиімді команданың белгілері, айқын рөлдер, тамаша коммуникациялар, өзін-өзі дамытатын команда және көшбасшылық табиғаты туралы айтып берді. Тыңдаушылар тығыз қарым-қатынасқа түсті, соның арқасында күш біріктірудің, командада жұмыс істеудің артықшылықтарын көре алды, жеке күшті және әлсіз жақтарын бағалай алды.

  

  

  

  

  

Тренингке қатысушылар қосымша ресурстар алу үшін өзара іс-қимыл шеңберін кеңейтуді, жайлылық аймағынан шығуды, байланысқа шығу, бір-біріне сену қабілеттерін дамытуды, өз рөлдерінің табиғатымен танысуды, бірлескен өзара іс-қимылға талдау жасауды, жанжалдағы қолайлы мінез-құлық стилін анықтауды және көшбасшының төрт түрін-болашақты қарастыруды үйренді.

Тренинг белсенді және эмоционалды, жайлы, сенімді жағдайда өтті. Қатысушылар жағымды эмоциялар, жаңа білім мен құзыреттіліктер алды, олар болашақта пайдалы болады.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(бизнес және іскерлік әкімшілендіру мектебі директоры
Нарынбаева Айна Серікқызының ақпараты бойынша)

Чат-бот